Басты бетЖаңалықтарҚысқы универсиада: 17 қаңтарда ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі?

Қысқы универсиада: 17 қаңтарда ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі?

Бүгін, 17 қаңтарда Қысқы универсиаданың төртінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, парашаңғы, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккейден сынға түседі.

Шаңғы жарысында спринттен 1 400 метрге қашықтықта ел құрамасынан қыздарда Лаура Қыныбаева, Мария Геращенко, Елизавета Толмачёва, Алеся Бочкарёв, ерлерде Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабек, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков және Святослав Матасов сайысқа түседі.

Ал парашаңғы жарысында спринттен 1 400 метрде Денис Зинов, Роман Құрбанов жарыс жолына шықса, мәнерлеп сырғанауда қысқа бағдарламада қыздардан София Самоделкина ел намысын қорғайды.

Сонымен қатар шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Чехиямен шеберлік байқасады.

Еске салайық, қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орында келеді. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық