Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Instagram-нан қазақ әуендерінің жоғалып кетуіне қатысты пікір айтты.
Оның айтуынша, бұл мәселе ведомствоның құзырына кірмейді. Онымен авторлық құқықтарды басқару ұйымы айналысып жатыр. Тиісті мекеме Meta компаниясымен бірге 2025 жылға арналған келісімшарттарды қайта қарау бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
Біз Әділет министрлігі ретінде өзін-өзі реттейтін ұйымдардың азаматтық қарым-қатынастарына араласпаймыз. Себебі авторлар оларды өздері таңдады. Алайда мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, осы мәселенің қоғамда резонанс тудырғанын ескере келе, Meta компаниясына жүгіндік. Олар келісімнің шарттарын жариялай алмайтындарын айтты. Бірақ жақын арада бір келісімге келуіміз мүмкін деп отыр. Бұл екі тарап үшін де тиімді, – деді вице-министр сенат кулуарында.