Басты бетЖаңалықтарКөлік министрі тағы бір ақылы жолды іске қосуға рұқсат берді

Көлік министрі тағы бір ақылы жолды іске қосуға рұқсат берді

Көлік министрі тағы бір республикалық маңызы бар жолда ақылы жүйені енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Министрдің бұйрығы бойынша, 26 қаңтардан бастап «Ресей Федерациясы шекарасы (Самара)-Шымкент» тасжолының бойындағы «Қызылорда-Арал» учаскесі ақылы болады. Ал ақша төлегісі келмейтін көлік жүргізушілер үшін баламалы жолдар қарастырылған. Олар:

  • «Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының «Қызылорда-Жезқазған» учаскесі;
  • «Жезқазған-Петропавловск» республикалық маңызы бар автожолының «Жезқазған-Арқалық» учаскесі;
  • «Арқалық-Торғай» облыстық маңызы бар автожолы;
  • «Торғай-Шеген-Ақшығанақ-Дүкен-Ырғыз» аудандық маңызы бар автожолы;
  • «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға)-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының «Ырғыз-Арал» учаскесі.

Жаңадан іске қосылатын ақылы жол II санатқа жатады.

Екі бағытта бір жолақтан қарастырылған. Әрбір жолақтың ені — кемінде 3,75 метр. Ақылы жолдың ұзақтығы — 454 км 850 метр. Ал жол учаскесін ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ