Қорғаныс министрлігі «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль туралы» Қазақстан Республикасы президенті жарлығының жобасы туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады.
Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен өзге де қатысушыларына салтанатты түрде құрмет көрсету мақсатында әзірленді, — делінген хабарламада.
Президент жарлығының жобасында мерейтойлық медаль, онымен марапаттау ережелері, медальдың сипаттамасы белгіленген.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен 2025 жылғы 29 қаңтарға дейін «электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде танысуға болады.