Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері елге жеткізілді

Рәсім барысында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздестіруге белсене қатысқандардың бәріне ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.

Сұрапыл соғыстан оралмай, хабар-ошарсыз кеткен сарбаздар мен офицерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін бабалары жайлы хабар күтеді. Соғыста қаза тапқан соңғы сарбаз жерленгенге дейін іздеу жалғаса бермек. Біз бірлесіп атқарып жатқан жұмыс жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлығы мен батылдығы туралы тарихты жадымызда сақтауға барынша ықпал етеріне сенімдімін, – деді қорғаныс ведомствосының бастығы.

Ұлы отан соғысы сарбаздар
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
304c2e541a74fa9a086a6df67888b222 Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері елге жеткізілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін жеткізу «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының  арқасында ұйымдастырылды. Бұл ұйым Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына аттанып,  қаза тапқан және хабарсыз кеткен сарбаздардың жерленген жерін анықтау бойынша мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысады.

Сұрапыл соғыстың басталғанына сексен жылдан астам уақыт өтті. Біздің ұйым бұл ретте мұрағат деректерін жинауда тынымсыз жұмыс істеп келеді. Жеңіс жолында біздің жарқын болашағымыз үшін қаза тапқандардың есімдері анықталып, олар іздеушілермен үнемі байланыста болады, – деді «Atamnyn Amanaty» басқармасының төрағасы Мұрат Молдағалиев.

7ac6f4068a49de3da2e53dbba4d7626c Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері елге жеткізілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
456d4ccaf94d63c1dae1fca331b4fb6c Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері елге жеткізілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта Петр Абрамович Фоменко – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаковка ауылынан, Үркербаев Төлеген – Алматы облысының Ұзынағаш кентінен, Гуров Николай Матвеевич – Алматыдан екені нақтыланды.

07e5586d221b47bab9834d4c4d41701d Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері елге жеткізілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
943bb632841aa2e5aeea4578830d10c1 Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері елге жеткізілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Аталған өңірлерде жауынгерлердің сүйектерін қарсы алу, туыстарына беру және әскери құрмет көрсетіліп, қайта жерлеу рәсімдері өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да