Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді.
Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орынға көтерілді.
Медальдар саны бойынша Франция құрамасы алда келеді. Франциялықтар төрт алтын, бір күміс, бір қола алып үлгерді.
Финляндия құрамасы екі алтын, екі күміспен үшінші орында тұр.
Қазақстан қоржынына қос алтынды да фристайлшы, 19 жастағы Анастасия Городко салды. Ол алдымен фристайл-могулда алдына жан салмады. Содан кейін фристайл жұптық-могулда жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов (парашаңғы, 10 км) күміс, Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км) қола медальға қол жеткізді.