Басты бетЖаңалықтар«Алматы-Өскемен» автожолында әскери техника жол апатына ұшырады

«Алматы-Өскемен» автожолында әскери техника жол апатына ұшырады

«Алматы-Өскемен» тасжолында әскери техника тралдан құлап кетті. Алматы облысының полициясы бұл ақпаратты растады.

15 қаңтарда Заречный кентіндегі жол өткелінен түсіп бара жатып, трал жүргізушісі жүк тасымалдауға арналған екі әскери техниканы аударып алды. Салдарынан көлік ілесіп келе жатқан Ssang Yong Actyon көлігімен соқтығысқан. Бұл оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ведомстводағылар.

Полиция жолдарда сақ болуға шақырады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушілерге көлемі үлкен жүктерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, жолдарда сақ болу керектігін еске салады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ