Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияны ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып жатыр.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия екі есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.
Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.