Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Келісімнің басты бағыттары: оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы. Білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Өзара негізде білім алушылардың ғылыми және мәдени жобаларға қатысуын ынталандыру. Ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізу. Бірлескен бағдарламалар негізінде білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамыту, — деп жазады министр.

Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін стипендиялар ұсынады.

Министрдің айтуынша сапар барысында биыл Түркиядан Қазақстанға өткізілетін халықаралық түркі академиясының ғылыми кеңесіне төрағалық ету мәселелері талқыланды.

Асхат Аймағамбетов
Фото: Асхат Аймағамбетовтің әлеуметтік желідегі парақшасынан