Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірі көліктің барлық түрі үшін жабылады.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда сағат 10.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 132-137 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады.
Аталған учаскеде жасанды жолмен қар көшкіні жүргізіледі. Сондықтан көлік жүргізушілерінен түсіністік танытып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобайл қолданбасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.