Президент Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы жер сілкінісінен 95 адам қаза тауып, 130 адам жараланды.