Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы білім саласында 2,4 миллиард теңге қаржы жымқырылған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерлері 2,4 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.
Прокуратура тергеу жүргізіп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаражат білім саласында жұмыс істемейтін адамдардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жымқырылған. Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 миллион теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сонымен қатар олардың қылмыстық жолмен табылған құны 649,7 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды, — делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, мемлекетке 1 миллиард теңгеге жуық залал қайтарылды.