Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысының...

Түркістан облысының әкімі болып Нұралхан Көшеров тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Нұралхан Көшеров 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы «Экономист» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану бакалавры» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан 2021 жылғы 29 қыркүйекке дейін Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы 30 қыркүйектен бастап Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.