Қарағанды облысында көлікпен мал іздеуге шыққан үш адам мұз астына түсіп кетті. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі уақытта Ақтоғай ауданында Балқаш көлінде Гүлшат пен Тасарал ауылдарының арасында болған. Мал іздеу барысында үш ер адам көлікпен мұз астына түсіп кетті.
Екі адам өздігінен шығып, аман қалды. Үшінші азаматтың денесін құтқарушылар іздеп тапты. Бүгін таңертең су астынан 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды, — делінген хабарламада.