Ұлытау облысында жол апатынан үш адам қаза болды. Қазір оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұлытау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар автожолында екі автокөліктің қатысуымен жол апаты болды.
Оқиға салдарынан үш адам қаза болды. Бұл факт бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиға орнында барлық жағдай мен себепті анықтайтын тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.
Ұлытау облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың қажеттігін ескертеді.