Қазақстанда терроризмді насихаттаған екі адам 7 жылға сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Тараз сотының шешімімен терроризмді насихаттағаны үшін, діни алауыздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.
Екінші сотталған адам Алматы қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталған екен.