Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне сұхбат беріп, бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді.

Уақытты дұрыс пайдалану туралы Барселона декларациясында әртүрлі уақыт белдеуін енгізуге, оны қысқы және жазғы уақытқа ауыстыруға әуес болмау қажеттігі айтылған. Дегенмен азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет, – деді ол.

Президент уақыт белдеуіне қатысты зерттеу нәтижесі 1 наурыз күні жарияланатынына да тоқталды.

Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін, – деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Осылайша, ел аумағында 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне наразы жұрт көп. Әсіресе, кеш жылдам бататын Шығыс Қазақстан облысы халқының наразылығы күшті.