Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Черногорияның Цетине қаласында ер адам азаматтарға оқ атып, 12 адам қаза болды. Одардың ішінде 10 және 13 жастағы балалар бар.
Ел президенті Яков Милатович үш күнді аза тұту деп жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.