Жаңа жыл қарсаңында республика перзентханаларында 181 бала дүниеге келді. Оның 105-і — ұл, 76-сы — қыз, Маңғыстау облысында бір егіз туған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мереке түнінде туған нәрестелердің ең көбі Түркістан облысында тіркелді – 34 сәби, екінші орында — Алматы қаласы мен Алматы облысы тұр — 17 жаңа нәресте дүниеге келген. Көшбасшылардың үштігін Шымкент қаласы жабады, мұнда 16 отбасында бала туған.
Астанада жаңа жыл қарсаңында дәл осы күні былтырғыдай 10 сәби дүниеге келді.