Басты бетЖаңалықтарАлматыда халықаралық...

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

Алматыда көрші елде іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Ол жалған құжат жасап, ақша ұрлады деген күдікке ілінген.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаны иемдену және жалған құжаттар дайындау жолымен жымқырғаны үшін Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, — делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, ол 2022 жылғы қаңтардан 2023 жылғы сәуірге дейін жалған құжат жасау арқылы 162 миллион өзбек сомын жымқырған деп айыпталып отыр.