Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға үкімет резервінен 1,5 миллиард теңге бөлінді.
Бұл туралы министрлер кабинетінің ресми сайты хабарлап отыр.
Қаржы Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер ретінде аударылады. Бұл ақша «Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту» жобасының 2-ші кезегін іске асыруға жұмсалады.
Ресми мәлімет бойынша, облыста жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырымды, тозу деңгейі 58 процент болды. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілген. Ал Жезқазғанда желілердің тозуы 60%-ке жетті.
Жезқазған қаласын жылумен қамту жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына түзетулер енгізді. Нәтижесінде бүгінгі таңда бес іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 миллиард теңге қажет, — делінген хабарламада.
Үкімет резервінен бөлінген қаражат 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымын іркіліссіз өткізуге мүмкіндік бермек.