Басты бетЖаңалықтар"ҚазАвтоЖол": Бірнеше...

«ҚазАвтоЖол»: Бірнеше өңірде жолдар қайта ашылды

«ҚазАвтоЖол» республикалық жолдардағы ахуал туралы мәліметті жариялады.

2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 03:00-те келесі республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы ашылды:

Шығыс Қазақстан облысы:

«Алматы-Өскемен» автожолының 1013-1048 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;

Абай облысы:

«Алматы-Өскемен» автожолының 971-1013 шақырым аралығында (Қалбатау-Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;

Қызылорда облысы:

«Самара-Шымкент» автожолының 1806-2055 шақырым аралығында (Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;

Түркістан облысы:

«Самара-Шымкент» автожолының 2055-2095 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Түркістан қаласына дейін) көліктердің барлық түріне қозғалыс ашылады;

2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 04:00-те Қызылорда облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

«Самара-Шымкент» автожолының 1357-1806 шақырым аралығы (Арал қ.–Қызылорда қ. дейін )

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.