Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 518—524 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 30 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 521,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 543,67.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,5 теңге. Еуро 540—547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 528 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00—5,15 аралығында саудаланып жатыр.