Биыл Алматы облысында интернет-алаяқтық фактілері жиі тіркеліп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Қалыптасқан жағдайға байланысты құқық қорғау органдары осындай қылмыстардың алдын алу және ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Биыл өңірде интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу және ашу мақсатында жеті жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Халықты алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру мақсатында 73 акция ұйымдастырылып, 46 мыңға жуық буклет таратылды. Сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарда 19 билборд, стенд және LED экран орнатылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтықтың алдын алу бойынша 38 мақала жарияланды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2023–2025 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында «Кибербақылау» платформасында алаяқтар пайдаланған 226 сайт бұғатталды.