Қазақ-өзбек шекарасында екі ай бойы 450 метрлік туннель «жұмыс істеген». Күдікті азаматтар осы туннель арқылы күніне бес-жеті тонна бензин тасып тұрған.
Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туннельді қазған адамдардың арасында Қазақстанның да, Өзбекстанның да азаматтары бар.
Арнайы операция кезінде екі елден де күдіктілер ұсталды. Олар екі ай бойы осы туннель арқылы күніне бес-жеті тонна бензинді ұрлап отырған, — делінген хабарламада.
Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.