Қайтарылған заңсыз активтердің қаржысына елімізде 92 мың орындық 83 мектеп салынады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты.
Қор («Қазақстан халқына» қоры — ред) құрылған уақыттан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірқатар облыстар мен ірі қалаларда 92 мың орындық 83 мектептің құрылысына 153,3 миллиард теңге қаржы бөлді. Осылайша, 2024 жылдың басынан бері 18 жаңа мектеп салынды. Негізгі үлес Астанаға, сонымен қатар Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарына тиесілі. Мысалы, Жамбыл ауданы Төле би ауылындағы 300 орындық әл-Фараби атындағы орта мектеп пайдалануға берілді. Қызылордада физика-математикалық бағыттағы 400 орындық мектеп-интернат пен 300 орындық жатақхана құрылысы аяқталуға жақын, — деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, жаңа мектептердің салынуы тоғыз білім беру ұйымында орын тапшылығын, оның ішінде алты үш ауысымды мектеп, екі апатты және бір апатты мектеп мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.
Барлық жоспарланған 83 мектептің 56-сы салынып, пайдалануға берілді, 10-ы аяқталу сатысында, тағы 17 мектеп 2025 жылға жоспарланған.