Басты бетЖаңалықтарАқтаудағы ұшақ...

Ақтаудағы ұшақ апаты: үкімет комиссия құрды

Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.

Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.

Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барынша қолдауды тапсырды.

Еске салайық, Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.

Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған.