LUCY – қоғамдық қор қолдауымен істейтін Қазақстандағы балаларға арналған жалғыз үкіметтік емес тегін көз емханасы. Бұған дейін Алматы мен Жезқазған қалаларында екі филиал істесе, енді Балқашта үшіншісі ашылды. Бұл туралы «Индустральная Караганда» басылымы жазып отыр.
Медициналық орталық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Балалардың көзі барынша жайлы, ауыртпай емделеді. Мамандар диагностика мен емдеу ойын түрінде өтеді дейді. Дәрігерлер 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Бұл балалар толық кешенді қызметтерді тегін алады.
Дәрігерлер бастапқы диагностика жасайды, көз емдейді және көруді түзетеді, тордың лазерлік коагуляциясын және аппаратпен емдейді.
Қазірдің өзінде Балқашта тұратын 25 баланың диагнозы анықталып, олар ем қабылдап жатыр. Екі балаға лазермен операция жасалған.