Биыл Атыраудағы ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығындағы отбасылық психологқа 510 отбасы барған. Оның 62-сі татуласып кеткен. Бұл туралы жергілікті «Мой город» порталы жазып отыр.
Атыраудағы ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Шаңырақ-2008» жобасы аясында мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді.
Орталықта екі заңгер, екі психолог және медиатор істейді. Ірі сауда орталықтарында өткен ашық есік күндерінде 68 адамға тегін кеңес берілді. Жобаны іске асыру мерзімі – үш жыл. Жоба жылдан астам уақыт істеп келеді, практикалық пайдасы қазірдің өзінде байқалып отыр. Мәселен, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы кейбір азаматтар сотқа жүгініп, заңгердің тегін көмегін ала алды, — дейді «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанар Ілиясова.
Жыл басынан бері Атыраудағы ақпараттық-құқықтық кеңес беру орталығынан екі мыңға жуық адам көмек алған. Оның 510-ы отбасылық психологқа барған, соңында 62 ерлі-зайыпты татуласып кеткен.