22 желтоқсанда солтүстік циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын болып, қалың қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.
Синоптиктер республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр.
Жалпы республика бойынша батыс пен оңтүстікте жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жексенбі күні Астанада күн құбылмалы, бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Өткінші боран соғады, ауа температурасы түнде -13-15 °C, күндіз -7-9 °C болады.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -12–14 °C, күндіз -5–7 °C-қа теңеседі.
Шымкентте күн, құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -21–14 °C, күндіз 0…+2 °C-қа теңеседі.