Басты бетЖаңалықтарРиддер ЖЭО-дағы...

Риддер ЖЭО-дағы апаттан жарақат алған 6 адамның халі белгілі болды

Риддер жылу электр орталығында болған апаттан алты адам зардап шеккен. Оның үшеуі санитарлық авиация ұшағымен Өскеменге жеткізілген. Бұл туралы ШҚО-ның денсаулық сақтау басқармасы хабарлап отыр.

Медицина қызметкерлері барлық қажет шара қолданып жатыр. Үш науқас облыс орталығына жеткізілді, олардың жағдайы бірқалыпты ауыр. Қалған үш адамды Риддерде дәрігерлер тұрақты бақылап отыр, — деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы Төлеген Жігітаев.

21 желтоқсанда Риддер жылу электр орталығында жөндеу және дәнекерлеу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы жарылған еді. Көмір азық конвейері жөнделіп жатқан болатын. Апаттан алты адам зардап шекті.