Мемлекет басшысы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрін ауыстырды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, — делінген жарлықта.
Бұған дейін бұл лауазымды Нұрлан Байбазаров атқарған еді. Ол 2024 жылғы 21 желтоқсанда бұл қызметінен босатылды.
Серік Жұманғарин 1969 жылғы 22 шілдеде дүниеге келген.
2017 жылғы 19 қаңтардан 2019 жылғы сәуірге дейін ұлттық экономика вице-министрі болған.
2019 жылғы 21 мамырдан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі, ал 2020 жылғы 14 қыркүйектен бастап бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып істеген.
2022 жылғы 15 тамызда премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2022 жылғы 2 қыркүйектен бері прмеьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі болып істеген еді.