Басты бетЖаңалықтарНұрлан Байбазаров...

Нұрлан Байбазаров министр лауазымынан босады

Нұрлан Байбазаров премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі қызметінен босады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығы арқылы Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа 21 желтоқсанда қол қойды.