Басты бетЖаңалықтарОңтүстік Кореядан...

Оңтүстік Кореядан көлік алдырмақ болғандар алданып қалды

Аса iрi көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды, Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен Алматы қаласының алты тұрғынының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген, — деп жазылған хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың сәуірінде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Мұндай қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.