Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.