Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: Бірқатар...

Қазгидромет: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 желтоқсанда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел мен бұрқасын соқса, енді бір өңірлерде 27 градусқа дейін аяз болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с болады.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстістігінде көктайғақ болады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте таңертең және күндіз көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.

Астанада күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 25 м/с жетеді.