18 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады, — делінген хабарламада.