Елде туризм саласына салынған инвестиция көлемі 34%-ке артты. Бұл туралы 24.kz хабарлап отыр.
Қазақстанды көруге асыққан туристер саны да еселенген. Биыл 11,5 млн шетел азаматы келді.
Қазақ туризм ұлттық компаниясының мәліметі бойынша, елге келген шетел азаматтарының да қарасы қалың. Қаңтар-қыркүйек аралығында туристер саны екі есе артып, 11,5 млн-нан асты. Ел ішін аралаған саяхатшылар 562 мыңға көбейіп, 6 млн адамға жетті.
Желтоқсан-қаңтар айларында шет елдерге жолдама алатындар көбейеді. Медициналық сақтандыру арқылы оқыс оқиғалар не экстремалды спорт түрлерінен зақымдансаңыз, тиісті жәрдемді кедергісіз аласыз.
Сақтандыру жарнасы әр адамға 5 мың теңгеден басталады. Ақы сақтандыру шарттарына қарай өседі. Ең бастысы, пайдаланған қызмет бойынша түбіртегіңізді жоғалтпаңыз. Сақтандыру компаниясы соған қарай шығынды өтеуге міндетті.
Демалысын шетелде өткізуді қалайтын Қазақстан азаматтары аз емес. Мәселен, биыл Мальдив аралдары мен Таиландқа сапарлағандар саны рекордқа жетті. Бұдан бөлек Түркия, БАӘ, Вьетнамға жолы түскендердің қатары көп. 10 айда отандандастарымыз Мальдив аралдарына 22 мың рет барған. Бұл былтырғыдан 42%-ке көп.
Елдің туризм басқармасының мәліметінше, келуші мемлекеттер арасында Қазақстан 18-орында тұр. Ал Таиланд 144 мың отандасымызды қабылдаған. Көрсеткіш 17%-ке көп. Грузияда демалуды қалайтындар да жеткілікті. Мұнда 147 мың рет барыппыз.