Басты бетЖаңалықтарПавлодар облысындағы...

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды

Жұмысшы Павлодар облысындағы «Майқайыңзолото» АҚ шахтасында техниканың соғылуынан қаза болды.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлап отыр.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкелу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаға кінәлі техника жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, қаза болған жұмысшы – 1992 жылы туған моторист.