Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстанда...

Батыс Қазақстанда өзеннен ер адамның денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында өзеннен ер адамның денесі табылды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Шамамен сағат 12.00-де Садовое ауылы маңында Шаған өзеніндегі мұздың үстінен ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Ер адамның кім екені анықталды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді, — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.