Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Президент өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанның жұмысымен танысады.
Осыған дейін мемлекет басшысы Ақтөбе облысында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.
Облыс басшысының айтуынша, биылғы 11 айда аймақ экономикасының өсімі 6% болды. Ал өнеркәсіп өндірісі 4%-ке артып, осы жылдың алты айында шетелден тартылған тікелей инвестиция көлемі 175 миллион долларға жеткен.