Басты бетЖаңалықтарАбай облысында...

Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды

Абай облысында студент виза аламын деп алаяққа алданып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Абай облысында полицияға 4-ші курс оқитын 21 жастағы студент жүгініп, осы көктемде алаяқтың құрбаны болғанын айтты.

Полиция мәліметінше, бейтаныс адам АҚШ-қа виза рәсімдеуге көмектесемін деп, 199 300 теңге алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

Полицейлердің жедел жұмысының арқасында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Жамбыл облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.