Басты бетЖаңалықтарБиыл Тәуелсіздік...

Биыл Тәуелсіздік күніне арналған отшашу болмайды

Биыл Тәуелсіздік күніне арналған отшашу болмайды. Бұл ақпаратты Алматы мен Астана әкімдіктері растады.

Алматыдағы мерекелік бағдарлама қарапайым түрде өтеді. 16 желтоқсан, дүйсенбі күні Республика алаңында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың, ардагерлер кеңесінің, әкімдік, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтеді.

Ал 17 желтоқсанда «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоғын қою жоспарланған. Рәсімге әкімдік қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері және желтоқсан оқиғасының қатысушылары қатысады.