Алматыдағы жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішіндегі ер адамның денесі табылды.
Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан қайтыс болған, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.