Басты бетЖаңалықтарДоллар, еуро...

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507–517 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 514,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 544,60.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,1 теңге. Еуро 537—545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 507 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,12-5,22 аралығында саудаланып жатыр.