Басты бетЖаңалықтарДоллар 520-527 теңгеден саудаланып жатыр

Доллар 520-527 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520-527 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 желтоқсанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 524,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,14 теңге. Еуро – 552,19.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 525,7 теңге. Еуро 544,5—555 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны – 527 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,01-5,20 аралығында саудаланып жатыр.

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР