Басты бетЖаңалықтарЖастарға несие...

Жастарға несие беру жеңілдейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 21 жасқа дейінгі жастарға несие беру кезінде есепке алынатын кіріс түрлері тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Несие рәсімдеуден бұрын банктер қарыз алушының төлем қабілетін оның кірісіне сүйене отырып бағалайды. Бұған дейін жас адамның кірісі ретінде оның жалақысы мен стипендиясы есепке алынатын. Енді банктерге дебеттік карталардағы толықтыруларды, оның ішінде туыстардан келіп түсетін аударымдарды да есепке алуға рұқсат беріледі.

Бұл 21 жасқа толмаған азаматтардың дебеттік картаны толықтыру арқылы алатын кірістерін есепке алу мүмкіндігін беру үшін жасалып жатыр. Бұл ретте бірдей соманы қайталап есептеуге жол берілмейді, — деп жазылған түсіндірмеде.

Құжат 20 желтоқсанға дейін талқылауда болады.