АӨК және ШОБ азық-түлік индустриясы салалық қауымдастықтары альянсы мемлекет басшысына тауарларды бақылау-сәйкестендіру белгілерімен таңбалауды енгізу бойынша мемлекеттік органдардың жаңартылған бастамаларына қатысты үндеу жасап отыр. Альянс үнеуде біршама өзгеріске келіспейтінін жазған.
Бизнес жоғарыда аталған тауар топтары бойынша пилот жобаларын және заңсыз «сұрқай» айналым деңгейін оң бағалаумен мына себептер бойынша үзілді-кесілді қарсы:
- Сүт өнеркәсібі мен алкогольсіз сусындарға өткізілген пилот қорытындылар өнімнің өзіндік құны 29%, ал оның тауарөткізгіш тізбек бойынша одан әрі қозғалысы тағы 10% өскенін көрсетті. Марканың негізсіз құны, яғни өнім бірлігі үшін 3 теңге болғанда, оны, мысалы, аяқ киім сегментінде қолдану шағын кәсіпкерлерде әр жұптан 550 теңгеден бастап бірнеше мың теңгеге дейінгі мөлшерде шығынға ұшыратады.
- Таңбалау бастамашылары ЕАЭО елдерінің табысты тәжірибесін мысалға келтіреді. Алайда, мысалы, Ресей Федерациясында тек бөтелке суы саласына таңбалау енгізу мүмкін емес болғандықтан, микро-кәсіпорындардың 60%-тен астамы өз бизнесін жауып тастаған. Ал нарық қатысушыларына сауалнама жүргізгенде респонденттердің 20%-тен астамы бизнесі жабылуы мүмкін екенін айтқан.
- Қазақстан жағдайында таңбалау арқылы темекі саласындағы заңсыз айналым мәселесін шешу мүмкін болмай шықты: Nielsen деректері бойынша, 2021 жылы заңсыз айналым 3%, ал 2023 жылы 9% болды. Бұл көрсеткіш темекі индустриясының өкілдері міндетті таңбалауды іске қосуға ерікті және белсенді ықпал еткеніне қарамастан белең алып отыр.
- Уәкілетті мемлекеттік органдар үнемі шағын бизнес сегментіндегі заңсыз айналымға сілтеме жасап отырады. Бұл ретте олар электрон коммерцияның дамуы мен масштаб тиімділігіне қатысты шағын бөлшек сауда бәсекелестікке төтеп бере алмайтынын және ҚҚС төлеп, қосымша шығындарды көтермеу үшін сауда айналымын қысқартуға ұмтылатынын ескермейді. Шағын бизнестегі заңсыз айналым мәселесін 01.01.2026ж. қабылдануға тиіс жаңа Салық кодексі және оған енгізілген ШОБ-қа арналған жаңа құралдар ғана түбегейлі шеше алады.
Біз, әрине, мемлекеттің салық толық төленіп, қадағалау жолындағы шараларын қолдаймыз. Дегенмен оператор «Қазақтелеком» АҚ пилот жобаларының қорытындылары көрсеткендей, Data Matrix таңбалауы күрделі, қызмет көрсетуі қымбат әрі мәлімделген мақсаттарға жетпеген. Нарықта телекоммуникациялық нарыққа қатысушы-операторлар әр QR коды үшін ақы алмайтын, мәселен, ҚР ҚМ АЕО АҚ ұсынатын бірқатар техникалық шешім бар. Бизнес «көрінбейтін полиция қызметкері» қағидаты бойынша таңбалаудың осындай тәсілдерін талқылауға дайын, — дейді альянс өкілдері.
Альянс Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғарыда аталғандарды ескере отырып, үкіметке мыналарды тапсыруды сұраған:
- таңбалау талабы бар нарықтарға өнім экспорттайтын кәсіпкерлер үшін таңбалаудың ерікті форматы бекітілсін;
- тауар топтарына байланысты бірыңғай жеке таңбалау операторы институтының күшін жою мүмкіндігі қарастырылсын («ҰАТ»АҚ үлгісі бойынша);
- жаңа тауар топтары бойынша таңбалауды енгізу туралы шешім жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін қабылдансын.