Даниaл Ахметовтың айтуынша, Семей қаласында «Қарағайлы» ықшамауданының құрылысы басталды.
«Бұл қалада сәулеттік құндылығы бар ықшамаудан болуын қалаймын. Семейде және ШҚО қалаларында әрбір үй, әрбір пәтерде бір жарым гараждың орны болады. Мұндай ықшамаудан салынып жатыр. Оның үстіне барлық үйде әлеуметтік нысандар болады», — дейді әкім.
Сондай-ақ ол қаладағы барлық жағдаймен таныс екендігін жеткізді.
«Семейді танымай қаласыздар, рас айтам, жақын арада. Қыркүйекте келіңіздер, жағалаудың қалай өзгергенін көре аласыздар. Ол мүлде басқа болады, алдағы уақытта орталық алаң, көп нәрсе өзгереді… Ай сайын осы қаламен жеке өзім айналысамын: барлық осал тұстарын білемін. Ондаған мәселелі тұстарын атап бере аламын», — деді облыс әкімі.