Қазақстан үкіметі латын әліпбиіне көшу үшін орта есеппен 500 млн-1 млрд доллар аралығында қаржы жұмсауы керек.
«Ол уақытқа дейін экономикалық белсенді 8 млн адамды оқыту керек. Шамамен бұл курстар бір айлық болады. Әр адамға 4,5 мың теңгеден жұмсалды дегенде, осы курстың өзіне 35 млрд теңге керек”, – деді Қасымхан Қаппаров.
Бюро басшысының өз зерттеуінің негізіне 2005 жылғы білім және ғылым министрлігі комитеті жұмыс тобының есебін алған.
“Сонымен қатар, маңдайша жазуларын, көлік белгілерін, басқа да атаулар мен жазуларды ауыстыру шығындары бар. Мұның барлығыныа бюджеттен бөлінеді. Ол үшін шамамен тағы 200 млн теңге керек. Егер долларға айналдыратын болсақ, бұл көрсеткіш 270 млн долларды құрайды. Бұл бюджет шығынының 3 пайызы. Дегенмен, ол бір жылдың ғана шаруасы емес”, – деді директор.
Алайда, Қаппаров бұл тұрғыда 2005 жылдан бері қызмет пен заттардың құны қымбаттағанын, сол үшін бұл есептеудегі көрсетілген сомаға қарағанда іс жүзіндегі шығын анағұрлым көп болмақ. Бұл тұрғыда, сарапшылар пікірінше, шығындар негізінен оқыту жұмыстары, оқулықтарды алмастыру, мемлекеттік және жеке секторды алмастыру есебінен жүргізілмек.
“Бұдан бөлек технология дамып, интернеттің өмірімізге енуі көбейді. Біз қазір нақты көрсеткішті айта алмаймыз. Өйткені үкіметте латынға өтудің нақты жоспары жоқ. Шамалап есептер болсақ, халықты оқыту жұмытарына 50-100 млрд теңге аралығында қаржы кетсе, Мемелкеттік сектор жұмысына, атап айтар болсақ, банкыларды алмастыру, визиткаларды ауыстыру, порталдарды жаңарту секілді жұмыстарға 5-10 млрд теңге кетеді. Сонымен қатар, 3 млн оқулықты басып шығару үшін 3-5 млрд теңге кетеді. Осының бәрін есептер болсақ, шамамен 68-135 млрд тг кетеді», – дейді Қасымхан Қаппаров.